Kazakhstan and ICAO: joint initiatives in the aviation sector

6512
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Елшісі Дәулетбек Құсайынов Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Бас хатшысы Хуан Карлос Салазармен кездесу өткізіп, ИКАО жанындағы ҚР Тұрақты өкілі ретінде тағайындалғаны туралы ҚР СІМ-нің нотасын табыс етті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында Елші сұхбаттасушыны ҚР Үкіметінің азаматтық авиацияны дамыту, ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы халықаралық маршруттар бойынша рейстер санын ұлғайту жөніндегі жүйелі жұмысы туралы хабардар етті. Ұлттық авиапаркті жаңарту және елдегі қалаларындағы әуежайлардың инфрақұрылымын қайта жаңарту жөніндегі жоспарлардың табысты іске асыруы Қазақстанның халықаралық азаматтық авиация хабы ретіндегі тартымдылығын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Х.К. Салазар өз тарапынан Қазақстан мен ИКАО арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Еліміздің авиация бағытын дамыту саласында әсерлі жұмыс жүргізіп жатқанын назар аударды. Осы бағытта қазақстандық билікке жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Кездесу соңында Х.К. Салазар Алматы қаласында (ү.ж. 6-8 желтоқсан) Жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы (TRIP) бойынша 18-ші симпозиум мен көрмені өткізу туралы ИКАО ұсынысын қолдау үшін Қазақстанға алғысын білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -