Сауда байланыстарын нығайту: Қазақстан мен Тәжікстан бірлескен жобаларға дайын

6061
Фотосурет: Gov

Душанбеде көлік және транзитті дамыту мәселелері талқыланды​​​​​​​, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасының Көлік министрі Азим Иброхиммен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі елдің көлік және транзит саласындағы ынтымақтастығын жандандыру, оның ішінде Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның 2023 жылғы 3-4 мамырда Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша мемлекет басшылары берген тапсырмаларын іске асыру шеңберіндегі мәселелері талқыланды.

Тараптар екі ел арасындағы жүктерді экспорттық-импорттық тасымалдау көлемінің үдемелі ұлғаюын қанағаттанушылықпен атап өтіп, Қазақстан мен Тәжікстан арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін үлкен әлеует бар екенін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -