Индонезия Президенті Қазақстан басшысымен кездесуді жылулықпен еске алды

15059
Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Салтанатты шара «Istana Merdeka» (Тәуелсіздік сарайы) Президент сарайында өтті.

Іс-шара барысында қазақстандық дипломат Индонезия Президентіне Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы сәлемін жеткізіп, қазақстандық-индонезиялық қатынастарды одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін салуға ниетін білдірді.

Президент Джоко Видодо 2023 жылғы 2 желтоқсанда Дубайда өткен БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы аясында Қазақстанның басшысымен кездесуін жылы лебізбен еске алып, Елшіге дипломатиялық қызметінде табыстар тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -