Қазақстанда ҚХР-ға пойыздарды беру бойынша рекорд орнатылды

5192
Фотосурет: "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ

Достық станциясында ҚХР-ға пойыздарды беру бойынша тәуліктік рекорд орнатылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Достық - Алашаңқай халықаралық шекара өткелінде жаңа рекорд орнатылды: ағымдағы жылдың 28 наурызында Қытайға 21 пойыз берілді. Жалпы салмағы 40 мың тоннадан асатын 732 вагоннан тұратын кең табанды 20 пойыз және тар табанды бір құрам, жалпы салмағы 1,5 мың тоннаға жуық 50 вагон. Бұған дейін экспорттық қатынаста тәулік сайын 16 пойыз берілетін.

Рекорд Қытай темір жолы, "ҚТЖ Жүк тасымалы" ЖШС, Достық станциясы қызметкерлерінің, сондай-ақ Алматы өңірлік тасымалдау басқармасы мамандарының бірлескен күш-жігері мен еңбегінің арқасында қойылды.

Бұл күні маневрлік диспетчерлер Тасқын Кәрімов, Ерлан Қажыбеков, станция бойынша кезекшілер Еркебұлан Бошаев, Әділет Нұрмұханов, орталықтандыру станциясының кезекшісі Мерей Қаниятов, жүктерді беру агенттері Құралай Битанова, Асқар Қотанов және Вячеслав Васюк жоғары кәсібилік көрсетті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -