Еревандағы Бизнес-форум: Қазақстан мен Армения тауар айналымын арттыруға ұмтылуда

575
Фотосурет: kazakhexport.kz

Армения қазақстандық өнім экспортын арттырмақ, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ереванда KazakhExport қатысуымен Қазақстанның Армениядағы бизнес-миссиясы аясында ұйымдастырылған армян-қазақ бизнес-форумы өтті.

Іс-шара екі ел елшілігінің қолдауымен өтті. Бизнес-миссияны жүзеге асыруға армян Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы және Сауда-өнеркәсіп палатасы да атсалысты. 

Кездесу аясында «Астана» дипломатиялық клубы және Арменияның Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат экономикалық байланысты одан әрі нығайтуға, сауда желісін кеңейтуге, инвестиция, IT және басқа да өзекті салалардағы кооперация үшін мүмкіндік жасауға бағытталған. Меморандумда қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, атап айтқанда, қазақ-армян Бизнес-клубын құру және бірлескен іс-шаралар өткізу ықпал ететін болады.

Сонымен қатар форумда түрлі сектордың бизнес өкілдері арасында келіссөздер жүргізілді. B2B-кездесулер барысында KazakhExport Халықаралық блогының өкілі Артем Толстов армян кәсіпкерлері үшін компанияның қолдау шараларын таныстырды. Онда қазақстандық өнімді Арменияға экспорттау мәселесі талқыға түсті.

Қазақстандағы Армения елшілігінің мәліметінше, Арменияда қазақстандық капиталы бар 100-ден астам компания тіркелген. Былтыр екіжақты тауар айналымы 2022 жылмен салыстырғанда 23,1 пайызға өсіп, 53 млн долларға жеткен.

Айта кетейік, 2023 жылы KazakhExport қолдауына ие болған экспорттаушылар Арменияға 4,4 миллиард теңгеге экспорт жүргізді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -