Математикадан халықаралық олимпиада: Қазақстанда 10 медаль

7414
Фотосурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Түрікменстанда (Аркадаг қаласы) ұлы ойшыл, шығыстың классикалық ақыны Махтумкули Фрагидің 300 жыл толуына арналған Бірінші халықаралық математикалық олимпиада өз мәресіне жетті, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Олимпиадаға 13 мемлекеттен (Қазақстан, Ресей, Қытай, Иран, Тәжікстан және т.б.) 130-ға жуық оқушы қатысты.

Қазақстан құрама командасы білім беру ұйымдарының 8-9 сыныптағы 15 оқушысынан құралды. Олар, 4 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.

Күміс медаль иегерлері:

  • Медеу Джубатыров – Маңғыстау облысы «Білім-инновация» лицейінің оқушысы;
  • Аяулы Абдуллаева – Қызылорда облысы №10 «Білім-инновация» лицейінің оқушысы;
  • Алихан Серік – Астана қаласының «Білім-инновация» лицейінің оқушысы;
  • Нұрсұлтан Бекбосын – Астана қаласының «Білім-инновация» лицейінің оқушысы.

Қола медалдармен марапатталғандар:

  • Рамазан Бутантаев – Ақтау қаласының мамандандырылған ІТ лицей оқушысы;
  • Алтын Сақтаған – Қызылорда облысы №10 «Білім-инновация» лицейінің оқушысы;
  • Ердос Зермұханбетұлы – Қызылорда облысы №9 «Білім-инновация» лицейінің оқушысы;
  • Нұраділ Шакетов – Қызылорда облысы №9 «Білім-инновация» лицейінің оқушысы;
  • Жантөре Мұрат – Астана қаласының «Білім-инновация» лицейінің оқушысы;
  • Амирхан Құдайбергенов – Астана қаласының «Білім-инновация» лицейінің оқушысы.

Жас математиктерді жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда табыс тілейміз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -