Қазақстандық оқушылар халықаралық инженерлік ғылымдар мен технологиялар фестивалінде алтын алды

11506
Фотосурет: ATAST

I-FEST зияткерлік сайысы 22-28 наурыз аралығында өтті. Оны Тунистің ғылым мен технологияның болашағы қауымдастығы (ATAST) ұйымдастырды. Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 14-24 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар шақырылды, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Алматы қаласы білім басқармасының "Алматы-Дарыны" дарынды балаларға арналған орталығының тәрбиеленушілері - Адия Құттығалиева, Томирис Бақытжан және Айша Ерден беделді ғылыми байқауда Қазақстанның намысын қорғады.

Фестиваль қорытындысы бойынша Адия Құттығалиева "TikTok клиптік ойлау жүйесінің жасөспірімдерге теріс әсері" жобасымен "Мультимедия" санатында алтын медаль жеңіп алды және оның жобасы I-FEST байқауының ТОП-10 жобасына енді.

Томирис Бақытжан мен Айша Ерден "қаржы пирамидаларының схемалары және олардың алдын алу тәсілдері" жобасымен "Бизнес және әлеуметтік ғылымдар" санатында үшінші орынға ие болып, оларға қола медальдар табыс етілді.

Айта кетейік, Atast компаниясының Қазақстан Республикасындағы серіктесі "International Centre of Scientific Collaborations" коммерциялық емес ұйымы болып табылады (ICSC), оның мақсаты ғылымды насихаттау және қазақстандық оқушыларды халықаралық ғылыми конкурстарға қатысу үшін ілгерілету болып табылады.

Бұл қазақстандық оқушылардың Солтүстік Африкада өткен конкурсқа алғашқы қатысуы болды және бұл жеңістің алдында ғылымның танымал етушісі, ICSC басшысы, PhD докторы Лаззат Құсайыновамен бірнеше ай дайындалды

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -