Қазақстан мен Қырғызстан зейнетақы өзара іс-қимылын жолға қойды

9273
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Қырғызстан зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатады, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Қырғыз Республикасының Әлеуметтік қоры мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қою туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын орналастырды.  

Келісімге қол қоюдың мақсаты азаматтардың Қазақстан мен Қырғызстан заңнамасына сәйкес белгіленген зейнетақыларды бір мезгілде алу фактісін тексеру мақсатында Тараптар арасында қорғалған ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру болып табылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -