Қазақстан және Индонезия: ынтымақтастықты дамыту перспективалары

417
Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың Индонезия Сыртқы істер министрі Ретно Марсудимен кездесуі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сұхбат барысында қазақстандық дипломат еліміздің сыртқы саяси ведомствосының басшысы Мұрат Нұртілеудің жылы лебізін жеткізіп, Астана Джакартаны Оңтүстік-Шығыс Азия өңіріндегі негізгі саяси, экономикалық әріптестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті, сондай-ақ екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді.

Тараптар қазақ-индонезия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

А.Бақаев Индонезия СІМ басшысын кездесудің қарсаңында өткен екіжақты сыртқы саяси консультациялардың негізгі қорытындыларымен таныстырып, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Сұхбаттастар Қазақстан мен Индонезия арасындағы экономикалық кооперацияны күшейтудің практикалық мәселелерін талқылады. Индонезияның Сыртқы істер министрі сауда, минералды ресурстар мен энергетика, инвестициялар мен туризм салаларындағы ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін атап өтті.

Кездесу соңында дипломаттар сімаралық консультациялардың қорытындыларына жалпы қанағаттанушылықтарын білдірді және тұрақты диалогты қолдауға, парламентаралық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -