Қазақстан мен Испания парламентаралық диалогтың әлеуетін ашуға ниетті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испания Сенатының Сыртқы істер комитетінің төрағасы Хосе Игнасио Ландалусемен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени өзара ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық күн тәртібін талқылады.
Парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылып, оның ішінде Парламентаралық ынтымақтастық тобының жұмысын жандандыру талқыланды.
Д. Мұсаев сұхбаттасушыларға Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы ақпарат берді. Қазақстандық дипломат сенатормен ағымдағы жылдың 15 наурызда Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен үшінші Ұлттық Құрылтайдың қорытындысын талқылады.
Тараптар Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық қарым-қатынастарының қазіргі жағдайына қанағаттанушылықтарын білдіріп, оларды одан әрі дамытудың әлеуетін атап өтті.