Қазақстан мен ХАКО автомобиль тасымалы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

5434
Фотосурет: ҚР СІМ

ДСҰ және Халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Жанар Айтжан Халықаралық автомобиль көлігі Одағының Бас хатшысы Умберто де Преттомен кездесу барысында сауда және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату және цифрландыру, сондай-ақ елдің транзиттік әлеуетін жан-жақты пайдалану арқылы Қазақстанның халықаралық саудаға қатысуын кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өз кезегінде ХАКО Бас хатшысы Қазақстанның өңіраралық автомобиль және мультимодальды тасымалдардағы маңызды және өсіп келе жатқан рөлін атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағы арқылы халықаралық жол тасымалы (ХЖТ) жүйесі бойынша Қытайдан жүктерді тасымалдау белсенді жүріп жатыр. Осыған байланысты, Умберто де Претто Қазақстан тарапынан жүктердің жылдам және кедергісіз өтуі үшін шекара бекеттерінде «жасыл жолақтарды» енгізу жөніндегі белсенді күш-жігерді оң бағалады. Бұл шаралар қазіргі уақытта халықаралық сауда тап болған сын-қатерлер мен кедергілерді ескере отырып, тауар ағындарының ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Қазақстанның Тұрақты өкілі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің экономикалық дамуының негізгі локомотивтерінің бірі ретінде көлік-логистика саласын дамыту жөніндегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан басым міндеттері туралы әңгімелесті. Бұл ретте транзиттік әлеуетті нығайтуда Транскаспий бағыты маңызды рөл атқаруға тиіс, ол бойынша тауарлардың тұрақты өсіп келе жатқан ағынын ескере отырып, Орта мерзімді перспективада тасымалдау көлемі бес есеге ұлғайтылуы мүмкін.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан, Өзбекстан және Қытай кеден органдарының қатысуымен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы (ШЫХО) ХАКО мен Қазақстанның көмегімен өтетін қауіпсіз транзитті қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасу жөніндегі алдағы іс-шараны талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -