Қазақстан мен Бельгия сауданы дамытуда бірлескен қадамдар дайындауда

298
Фотосурет: Gov

Қайрат Төребаев Бельгия өкілдерімен іскерлік ынтымақтастықты кеңейту туралы талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Брюссельге іс-сапары барысында бас операциялық директоры Пит Демунтермен және Инвестициялар және сауда агенттігінің өңірлік департаментінің директоры Фландрия Де Поттермен Қазақстан мен Бельгия арасындағы іскерлік ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады.

Кездесуде Қайрат Төребаев Қазақстанның экспорттық әлеуетіне елеулі назар аударды, сондай-ақ серіктестеріне экспортты қолдау және елімізде ілгерілету құралдары туралы айтып берді.

Мәселен, Экспорттық-кредиттік агенттік кәсіпорындардың сыртқы сауда операцияларын сақтандырумен және қаржыландырумен айналысады. «QazTrade» АҚ бірыңғай операторы тауарларды экспорттаушылар мен қызметтерді жеткізушілерге сервистік қолдау көрсетуді шоғырландырады, сондай-ақ экспорттық бағыттар географиясын (соның ішінде Қытайға, ЕАЭО елдеріне және Орталық Азияға) кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін Central Asia Gateway сауда порталы құрылды. Ол Еуропалық Одақ қаржыландыратын және БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) техникалық қолдауымен Халықаралық сауда орталығы іске асыратын Ready4Trade Орталық Азия жобасы шеңберінде әзірленген. Портал осы елдердегі сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша ұлттық интернет-сайттардың деректерін біріктіреді, сондай-ақ өнімнің ерекшелігін ескере отырып, трансшекаралық сауда талаптары туралы ақпаратқа бизнеске жеңіл қолжетімділік ұсынады.

Өз кезегінде Пит Демунтер мен Де Поттер 2023 жылы Қазақстанда бизнес-миссияны табысты өткізудің нәтижелерімен бөлісті. Тараптар 2024 жылғы мамыр айының соңында 20 бельгиялық және қазақстандық компаниялардың және «QazTrade» ССДО» АҚ қатысуымен іскерлік миссияны бірлесіп ұйымдастыруға келісті.

Бельгия тарапы Қазақстандағы қызметі белсенді фазада екенін атап өтіп, Қайрат Төребаевты Бельгияда алдағы өтетін сауда-экономикалық миссияға шақыру жіберетінін атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -