Саха Республикасының (Якутия) Мемлекеттік опера және театрының ауқымды гастролі

300
Фотосурет: sakha-opera.ru

2024 жылғы сәуірдің 19-26 аралығында Д.К. Сивцев-Суорун Омоллоон Саха Республикасының (Якутия) Мемлекеттік опера және театрының Қазақстан мен Қырғызстандағы ауқымды гастролі өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл сапарды Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің Бүкілресейлік гастрольді-концерттік жоспарына сәйкес «Росконцерт» федералды мемлекеттік бюджеттік мәдениет мекемесі ұйымдастырды. 

«Шет елдік бағдарлама» бағыты бойынша спектакльдер «Астана Балет» Театры (Астана), Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры (Алматы) және А.Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында (Бішкек) көрсетіледі. «Заманауи хореография кеші» бағдарламасында көрермен қауым «Ньургун Боотур» қойылымы мен «Қозғалыс геометриясы» және «Жарқыраған тас» бір актілі балеттерін тамашалай алады.

«Ауқымды гастрольдің» шет елдік бағыты көрермен үшін ғана емес, тиісті ұжым үшін де аса маңызды. Гастрольдік арқасында театр өнерін сүйер қауым өзге елдердің үздік қойылымдарымен таныса алады. Ресей театрлары мен шет елдік театрлардың өзара қарым-қатынасы ортақ мәдени кеңістіктің беки түсуіне сеп болып, әртістерге бірегей шығармашылық тәжірибе жинауға мүмкіндік береді» Ресей Федерациясының Мәдениет министрі Ольга Любимова

19-20 сәуірде «Ньургун Боотур» олонхо-операсы мен балеттер бағдарламасы Қазақстан астанасындағы «Астана Балет» Театрының сахнасында көрсетіледі. 22-сәуірде «Ньургун Боотур» спектаклі Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында көрсетіледі. Бұл көрсетілімдер Саха Республикасының Қазақстан Республикасындағы күндерінің мәдени бағдарламасы аясында өтеді.

24-26 сәуірде «Ньургун Боотур» мен «Заманауи балет кеші» Бішкектегі А.Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында көрсетіледі.

Ресейлік режиссер, Ресей Федерациясы мен Саха Республикасының Халық әртісі Андрей Борисовтың «Ньургун Боотур» олонхо-операсы бір жағынан эпикалық туынды, екінші жағынан опералық шығарма ретінде әйгілі. Сондықтан болар, спектакльге Опера және балет театрының шығармашылық ұжымымен қатар, өзіндік Олонхо театрының да әртістері қатысады. Танымал шығармашылық ұжым – «Якутия виртуоздары» скрипкашылар ансамблі Театрдың симфониялық оркестрінің құрамымен қосылып өнер көрсетеді.

«Қозғалыс геометриясы» және «Жарқыраған тас» бір актілі балеттері тетардың бірегей балет труппасының жан-жақты өнерін тануға мүмкіндік береді. Көрермен қауым заманауи хореографияның жарқын бейнелерімен танысып, сонымен бірге якут алмазының пайда болуы туралы аңыздың хореография тілімен баяндалған нұсқасын тамашалай алады. 

Ресейдің біртұтас гастрольдік жүйесін қайта құруды көздеген Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің Бүкілресейлік гастрольдік-концерттік жоспары түсінікті әрі ашық ережелерге сәйкес қалыптасып, Ресей аумағын қамтиды. Жоспарға «Ауқымды гастроль» (2014 жылы басталған) және «Біз – Ресейміз» (2020 жылы басталған) ауқымды федералды бағдарламалар кіреді. «Ауқымды гастроль» жобасы (театр гастрольдері) театр ұжымдарының Ресейдегі және шет елдегі көрерменмен өзара шығармашылық қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге арналған. «Біз – Ресейміз» федералды бағдарламасы аясында (ұлттық ұжымдардың гастрольдері) ұлттық хореографиялық және хор ұжымдарына, халық аспаптары оркестрлері мен ансамбльдеріне, ән және би театрларына, ән және би ансамбльдеріне қолдау көрсетіледі.

2022 жылы Бүкілресейлік гастрольдік-концерттік жоспарға ЛХР, ДХР, Запорожье және Херсон облыстарының шығармашылық ұжымдары да қосылып, жаңа аймақтарда федералды және аймақтық театрлардың, ұлттық ұжымдардың гастрольдері табысты өткізіле бастады.

2023 жылы Ресейдің 89 аймағында 277 театр мен 66 ұжым гастрольдік сапармен болып, 2474 спектакль мен концерт көрсетілді. Бірыңғай федералды жоспардың арқасында елдің ең шалғай қалалары мен шағын елді мекендерінің көрермені театр қойылымдары мен көрнекті ұжымдардың концерттеріне қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің Бүкілресейлік гастрольдік-концерттік жоспары аясында гастрольдер мен іс-шараларды ұйымдастырушы «Росконцерт» федералды мемлекеттік бюджеттік мәдениет мекемесі.

«Росконцерт» федералды мемлекеттік бюджеттік мәдениет мекемесі 1967 жылы құрылған «Союзконцерт» – КСРО мемлекеттік концерттік-гастрольдік бюросының мұрагері.

Росконцерт ФМБММ мәдениет саласындағы ең маңызды ресейлік және халықаралық бағдарламалардың ұйымдастырушысы. Ресей Федерациясы Мәдениет Министрлігінің тапсырмасы бойынша көптеген елдермен Халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы іс-шараларды жүзеге асырады: Вьетнам Социалистік Республикасы, Египет Араб республикасы, Үндістан республикасы, Иран Ислам Республикасы, Корея Республикасы, Қытай Халық Республикасы (ҚХР), Марокко Корольдігі, Тунис Республикасы, Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР), Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасы, Оңтүстік Осетия Республикасы және т.б.

Мекеме бүкілресейлік, халықаралық байқаулар, фестивальдар мен ауқымды бағдарламаларға жетекшілік етеді, оның ішінде: П.И. Чайковский атындағы Халықаралық байқау; Балет әртістерінің халықаралық байқауы; Халықаралық балалар мәдени форумы; С. Рахманинов атындағы Пианистер, композиторлар және дирижерлердің халықаралық байқауы; «Музыкалық экспедиция» халықаралық фестивалі; Балет әртістері мен хореографтардың бүкілресейлік байқауы; «Балтық маусымдары» өнер фестивалі; «Мәдени карта 4+85» бүкілресейлік бағдарламасы; Ресей Мәдениет министрлігінің бүкілресейлік гастрольдік-концерттік жоспары және т.б.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -