Қазақстан ҰҚШҰ-да Ауғанстан қауіпсіздігі мәселелері бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасайды

5027
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Ауғанстан бойынша ҰҚШҰ жұмыс тобының отырысына қатысуы туралы, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиев төрағалығымен ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің жанындағы Ауғанстан жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Кездесудің қатысушылары Ауғанстандағы әскери-саяси жағдай бойынша пікір алмасып, оның аумағындағы террористік топтардан төнетін қауіп-қатерлердің өсуін атап өтті.

Тараптар өңірлік қауіпсіздіктің сын-тегеулер мен қауіп-қатерлеріне қарсы әрекеттесу жөніндегі өз іс-қимылдарын одан әрі үйлестіруге келісті.

Кездесуге Бас хатшының орынбасары Самат Ордабаев қатысты. Отырыста БҰҰ-ның Терроризмге қарсы орталығының, БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатия бойынша өңірлік орталығының, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының атқару комитетінің, Қызыл Крест Халықаралық комитетінің, ТМД Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі Үйлестіру қызметінің, ТМД Терроризмге қарсы орталығының өкілдері де болды.

2024 жылы Қазақстан Республикасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында төрағалық етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -