Қазақстан мен Оңтүстік Африка: СІМ-де ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері талқыланды

5511
Фотосурет: Gov

Қазақстан СІМ-де Оңтүстік Африкамен ынтымақтастықты күшейтуді талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Киитуметси Сиипило Тандека Мэттьюстің кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Ә.Бақаев Африка құрлығының халықаралық аренадағы рөлінің артуы аясында Қазақстан-Оңтүстік Африка қатынастарын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Оңтүстік Африка Елшісі К.Мэтьюс Астана мен Претория арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жан-жақты ынтымақтастықты кеңейту жоспарларын белгілеп, алдағы биік және жоғары деңгейдегі сапарлар мен іс-шаралардың кестесін қарастырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -