Еревандағы Бизнес-форум: Қазақстан мен Армения жаңа мүмкіндіктер іздеуде

818
Фотосурет: Gov

Ереванда Қазақстан-Армения бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Армения астанасында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Сыртқы сауда палатасы мен АР Сауда-өнеркәсіп палатасының қолдауымен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі және Армения Республикасының экономика министрлігі ұйымдастырған Қазақстан-армян бизнес-форумы өтті.

Іс-шараға екі елдің іскер топтарының 150-ден астам өкілдері, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, салалық және өңірлік бизнес-қауымдастықтардың басшылары қатысты.

Құттықтау сөзінде Арменияның Экономика министрі Геворг Папоян форум ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытуға, өзара тиімді іскерлік байланыстарды орнатуға жақсы мүмкіндік беретінін, сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық кооперациясын тереңдетуге мүдделілігін растайтынын атап өтті. «Үлкен әлеуеттің бар екендігін 2023 жылдың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есеге ұлғайған өзара тауар айналымының жыл сайынғы өсімін көрсететін статистикалық деректер дәлелдейді», – деді Армения экономика министрлігінің басшысы.

Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың нығайғанын қанағаттанушылықпен атап өтіп, тауарлар номенклатурасын әртараптандыру жөніндегі жұмысты жандандыруға шақырды. «Біздің алдын ала есептеулеріміз бойынша Қазақстаннан Арменияға әлеуетті экспорттың тізбесі 350 млн АҚШ доллары», –  деп атап өтті А. Шаққалиев. Бұл тұрғыда ү.ж. 2 сәуірінде өткен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Армения үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысының қорытындысы бойынша тараптар өзара сауда үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған нақты бағыттар мен шараларды белгілегені атап өтілді. Логистикалық мүмкіндіктердің шектеулігін ескере отырып, армян кәсіпкерлеріне «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы шеңберінде кооперациялық жобалар құру мүмкіндіктерін зерделеу ұсынылды.

«Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов өзінің бейне жолдауында өзара тиімді тауар айналымын арттырудың маңызды факторы тауарларды жеткізудің оңтайлы бағыттарын айқындау болып табылатынын айтты.

Іс-шара барысында қатысушыларға екі елдің инвестициялық мүмкіндіктері, іскерлік ахуалы, көлік-логистикалық және туристік әлеуеттері ұсынылды, сондай-ақ B2B келіссөздер жүргізілді. Форум қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай-химия және автогаз толтыру компрессорлық станциялары, композиттік баллондар және модульдік автогаз толтыру компрессорлық станциялары үшін газ жабдығы тораптарын өндіруді оқшаулау саласында бірқатар коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Бұдан басқа, «KazakhInvest» ҰК» АҚ мен «EnterpriseArmenia» инвестициялар тарту агенттігі, «KazakhTourism» ҰК» АҚ мен Армения туризмі федерациясы арасында, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Арменияның сауда-өнеркәсіп палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -