Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының бизнесмендері 25 млн теңгеге гуманитарлық көмек жіберді

18656
Фотосурет: Тәжіктердің Республикалық Этномәдени Орталығы

Астанадан Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының бизнесмендері Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қайырымдылық шара барысында ҚР Президент әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Галымжан Махан Жайықбайұлы республика бойынша штабтың жұмысы үздіксіз 24/7 жұмыс істеп тұрғанын жеткізе отырып, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек қолын созып, өз белсенділіктерін көрсетіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық азаматтарына ризашылығын жеткізді.

ҚХА-ның «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясына Қазақстандағы тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының бизнесмендері, оның ішінде «ISMA INVEST» құрылыс компаниясы, «Планета одежда» СО, «Құрғақ жемістер әлемі» ЖШС, «Орех» маркеті және т.б. жемістер сату саласының бизнесмендері атсалысуда.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – республикалық штаб басшысы АКБАРЖОН ЯХИЯХОЖАЕВИЧ ИСМАИЛОВ:

"Осы сәуір айының басынан бастап су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді, яғни Солтүстік Қазақстан мен Атырау облыстарының аудандары мен ауылдарын өз көзіммен көріп, халықпен кездесіп, сондағы штабтың жұмысын жүйелеген болатынбыз. Онда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» атты акциясы аясында өңірлерден келген гуманитарлық көмектерді үйлестіріп ғана қоймай, тұрғындарға қосымша нақты қандай заттар қажет екенін білдік. Бүгін міне тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының бизнесмендері штабқа жиналып су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жалпы соммасы 25 млн. теңгеге азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, гигиеналық және бірінші кезектегі қажетті заттармен 35 тоннадан астам 7 жүк көлігімен гуманитарлық көмекті өңірлерге жіберудеміз. Бұл дегеніміз еліміздің бірлігі мен бір біріне деген мейірімділігін көрсетіп отыр" Акбаржон Исмаилов

"Ең бастысы дәл қазір бекем бірлігімізді білдіріп, тату тірлігімізді танытуымыз қажет. Халқымыз ежелден берекелі бірлігімен көптеген қиындықтарға қасқайып қарсы тұра білді. Бұл жолы да сол табандылығымыз бен төзімділігімізді танытуымыз керек. Міне бүгінде еліміздің жомарт азаматтары өз үлестерін қосу мақсатында осында жиналуда. Елге жасап жатқан сауаптары еселеп қайтсын"  деген «Ырыскелді қажы» мешітінің имамы, ҚХА мүшесі Яхияхожа Исмаилов жолға шыққан қайырымдылық керуеніне өзінің батасын беріп, ақ жол тіледі.

Айта кетейік, республика бойынша 11,3 мыңнан астам ҚХА еріктілері жұмылдырылған. Облыстық ҚХА өкілдері 600 тоннаға жуық азық-түлік пен ең қажетті тауарларды жөнелтті.

Сондай-ақ 48 жүк көлігімен (орта және ауыр жүк көлігі және т.б.) гуманитарлық көмек жөнелтілді, 28 бірлік арнайы техника (экскаватор, камаз, самосвал және т.б.) әкелінді. 400 млн теңгеден астам сомаға қайырымдылық және гуманитарлық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету үшін аймақтарда гуманитарлық көмектер белсенді түрде жиналуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -