Барнаулда Қазақстан Республикасының Құрметті консулының кеңсесі ашылды

16764
Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың Алтай өлкесіне жұмыс сапары өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өңір Губернаторы Виктор Томенкомен кездесу барысында өзара іс-қимылдың түрлі бағыттары талқыланды.

Қазақстан Алтай өлкесінің сыртқы сауда серіктестері арасында бірінші орында. Республиканың үлесіне өңірдің шет елдермен тауар айналымының үштен бірі тиесілі. Бес жыл ішінде тек ауылшаруашылық шикізаты мен азық-түлік экспорты шамамен 6 есе өсті. Өз кезегінде, өлке Қазақстаннан: өнеркәсіпшілерге арналған темір мен алюминийден жасалған бұйымдарды прокаттаудан бастап көкөніс, жеміс пен кәмпитке дейін импорттайды.

Тараптар ынтымақтастықтың әлеуеті таусылмағанын және оны ұлғайту үшін ресурстар бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, көлік-транзиттік әлеуетті дамыту өзара мүдде үшін жақсы перспективалар ашады. Сондай-ақ Қазақстанға Алтай өлкесінен дәстүрлі түрде аграрлық техника жеткізіледі. Осыған байланысты Елші Ресейдегі ең ірі ауылшаруашылық машина жасау кәсіпорындарының бірі – «Агроцентр» ЖШҚ-да болды.

Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыты білім беру саласы болып табылады. Қазіргі уақытта жергілікті жоғары оқу орындарында 1800-ге жуық қазақстандық студент оқиды. Қазақстан мен Алтай өлкесінің білім беру ұйымдары арасында 27 келісім жасалған, бірлескен ғылыми-практикалық конференциялар, вебинарлар, форумдар, тағылымдамалар және т.б. өткізіліп тұрады. Д.Абаев Алтай мемлекеттік университеті мен Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінің басшылығымен байланыстарды одан әрі нығайтуды талқылады, ал қазақстандық студенттермен оқу барысының әртүрлі аспектілерін қозғап, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Елші Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінде отандастармен кездесті. Кездесу барысында өзара іс-қимылдың түрлі аспектілері, қазақ тілін үйрену мәселелері және бірлескен гуманитарлық жобалар қаралды. Қазіргі уақытта Алтай өлкесінде 5,5 мыңнан астам қазақ тұрады.

Сапар соңында Д. Абаев Қазақстан Республикасының Барнауылдағы Құрметті консулы Кеңсесінің ашылуына қатысты. Ол Алтай өлкесінің басшылығына ұйымдастырушылық көмек көрсеткені үшін алғысын білдіріп, өкілдік ынтымақтастықты одан әрі дамыту және байланыстарды нығайтуда берік көпір болатынына сенім білдірді. Жергілікті кәсіпкер, отандасымыз Қанат Наурзалиев өңірдегі ҚР Құрметті консулы болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -