Толық аншлагпен Қытайда Қазақстан өнер шеберлерінің концерттері өтті

13992
Фотосурет: ҚР ҚХР дағы Елшілігі

«Қытайдағы Қазақстанның туризм жылы» аясында ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Дэчжоу  (Шаньдун өлк.) және Ланфан (Хэбэй өлк.) қалаларында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының гастролін ұйымдастырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Дэчжоу қаласында өткен концерттің ашылу салтанатында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі А.Шалқарбаев және Шаньдун өлк. Сыртқы істер басқармасы басшысының орынбасары Сунь Ебао сөз сөйледі.

Қазақстандық дипломат көрермендерді Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың негізгі жетістіктері туралы хабардар етті. Биылғы жыл «Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы» аясында өтіп жатқанына назар аударып, қатысушыларды Қазақстанның көрікті жерлеріне баруға шақырды.

Сунь Ебао өз сөзінде Қазақстан Қытайдың жақын досы және сенімді серіктесі екенін атап өтті. Ол екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың өсіп келе жатқан серпінін атап, бұл екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға қосымша серпін беретіндігіне сенім білдірді.

Концерт бағдарламасына «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Гүлдер» би ансамблі, дәстүрлі орындаушылар Елмұр Жаңаберген, Ерболат Шалдыбеков, Ардақ Балажанова, опера әншілері Салтанат Ахметова, Медет Чотабаев, сондай-ақ танымал әнші Әділхан Макиннің қойылымдары кірді.

Іс-шаралар толық залмен өтіп, қонақтардың жалпы саны 2000-нан астам көрерменді құрады.​​​​​​​

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -