ЕО дезинформацияға қарсы күресте Орталық Азия бұқаралық ақпарат құралдарына қолдау көрсетеді

12650
Фотосурет: Nicolas Menijes

Internews Еуропалық Одақтың (ЕО) қаржылай қолдауымен Орталық Азияда «Шынайы әңгімелер көмегімен аудиторияның төзімділігін арттыру (CARAVAN)» деген жаңа жобасын таныстырды. CARAVAN жобасы аймақта ақпараттық манипуляцияға, жалған ақпарат пен ғадауат тілінің түр-түріне төзімді ақпараттық орта құруға арналған, деп хабарлайды DKnews.kz. Жоба мына үш нәтижеге жетуді көздейді:

  • Орталық Азияда журналистер мен авторлар жалған ақпарат пен ғадауат тіліне қарсы тұру үшін жасап жатқан контенттің сапасы мен көлемін жақсарту;
  • Ұлттық медиакеңістіктердің тұрақтылығын нығайтатын медиа мен азаматтық қоғамды біріктіру;
  • Орталық Азия мен одан тыс жердегі кәсіби медиамамандардың аймақтық ынтымақтастығын күшейту.

Астанада аралас (онлайн және офлайн) форматта өткен іс-шарада жергілікті және халықаралық серіктестер, үкімет өкілдері және медиа мен азаматтық қоғам саласының белгілі сарапшылары жиналды. Олардың бәрі контент өндірушілердің әлеуетін дамытуға және ақпараттық манипуляция, жалған ақпарат пен ғадауат тілінің кез келген түрінің таралуына жол бермеуге бағытталған бірлескен ұлттық және аймақтық бастамалар аясында белсенді ынтымақтасуға ниет білдірді.

Жобаның тұсаукесерін Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас сөз сөйлеп ашты. Ол кіріспе сөзінде:

Еуропалық Одақтың Орталық Азиямен серіктестігі азаматтарымыздың қолы жететін шынайы әрі фактіге негізделген ақпаратқа сүйенуі керек. Бұл біздің дұрыс талдау жасап, дұрыс шешім қабылдап, манипуляцияға ұшырап жатқан геосаяси ортада жол табуымызға көмектеседі. Бұған дейін Еуропалық Одақ қолдап, жүзеге асқан Орталық Азияның REVIVE жобасы осы тұрғыдан бізге бірнеше жыл көмек болды және бүгін сол жобаның жалғасатынын қуана хабарлаймын. Кестутис Янкаускас, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі

CARAVAN жобасының директоры Вадим Садоншоев осы бастаманы қолдаған Еуропалық Одаққа алғыс білдіріп, жобаны таныстыра келе: 

Серіктестеріміздің, тәуелсіз журналистер, медиаменеджерлер, ҮЕҰ өкілдері мен халықаралық қауымдастық мүшелері, осы жобаға мұндай ынта-ықылас танытып, қызығушылық білдіріп жатқанына Internews атынан өте қатты қуанып тұрмын. Жобаға деген мұндай ынта-ықыластың болғаны – бұл жобаның өте маңызды екенін, дер уақытта әрі қажет кезде басталып жатқанын біз ғана көріп-біліп отырмағанымызды білдірсе керек. Әріптестерімізді қолдап, олардың жобада жетістікке жетуіне барынша көмектесіп, қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз. Вадим Садоншоев, CARAVAN жобасының директоры

Жоба Орталық Азияда 2024 жылғы 1 сәуірде басталып, екі жарым жылда (не 30 айда) іске асырылады және негізінен тәуелсіз кәсіби медиамамандармен, контент жасаушылармен, азаматтық белсенділермен және азаматтық қоғам ұйымдарымен жұмыс істейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -