Қазақстандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде жеңіске жетті

6490

2024 жылғы 22 маусымда, қазақстандық фильм "Развод" түсіру тобы Шанхай фестивалінде марапат алды

Қазақстандық режиссер Данияр Саламаттың "Развод" /The Divorce/ фильмі 26-шы Шанхай халықаралық кинофестивалінде "Алтын кубок" бас жүлдесін жеңіп алды. Бұл фильмде басты рөлді сомдаған Амира Омарова үздік әйел рөлі үшін марапатталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Фильмнің сюжеті 1920-жылдардағы далада өрбиді. Фильмде әйелдердің отбасылық мәртебесінің өзгеруі және олардың қоғамдағы рөлі сияқты тақырыптар көтерілген.

Қазылар алқасы бұл фильмді жоғары бағалап, комедия, фарс және трагедияның үйлесімімен, сондай-ақ, қоғамдағы шынайы көріністер мен дағдарыс кезеңіндегі жұбайлық қарым-қатынастарды шебер бейнелегендігімен таңдандырды.

2024 жылғы 22 маусымда, қазақстандық актриса Амира Омарова /ортасында/ марапат алуда

"Әр актер осындай фестивальге қатысуды армандайды. Және, әрине, жүлде алу - үлкен бақыт" Амира Омарова

Режиссер Данияр Саламат бұл кинолентаны жасауға 10 жыл уақыт кеткенін айтты. Ол осы фильмде көрермендерге әйелдің қоғамдағы рөлінің өзгеруін көрсетуге қол жеткізілгеніне үміттенеді.

2024 жылғы 22 маусымда, режиссер Бакур Бакурадзе /ортасында/ марапат алуда

Сонымен қатар, үздік режиссер атағын Ресей мен Грузия бірлесіп жасаған "Менің ауламдағы қар" /Snowflakes in My Yard/ фильміндегі жұмысы үшін Бакур Бакурадзе алды.

1993 жылы алғаш рет өткен Шанхай халықаралық кинофестивалі Шанхай билігі мегаполисті халықаралық мәдени орталыққа айналдыру үшін ұйымдастырған кино әлеміндегі танымал жаһандық оқиға болып табылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -