Мәскеу халықаралық фестиваліндегі қазақстандық өнер

2772
Фотосурет: kazembassy.ru

Қазақстандық суретші Мәскеудегі бейнелеу өнері фестиваліне қатысуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев "Гостиный двор" көрме алаңында өтіп жатқан "Дәстүр және заманауи кезең" Мәскеу халықаралық бейнелеу өнері фестиваліне қатысты.

Халықаралық шараның мақсаты-дүниежүзілік мәдени мұраны сақтау, шығармашылық арқылы халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту. Сондай-ақ өнер арқылы өнер әлемінде жаңа есімдерді паш ету. Бұл мәдени көрме кеңістігінде 10 бағытты біріктіретін жалғыз өнер фестивалі. Мәселен: кескіндеме, графика, мүсін, сурет, инсталляция, қолданбалы өнер, маска, қуыршақ, цифрлық өнер және мұражай ісі сияқты сан алуан бағыт мұнда көрініс тапқан. Қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамында ресейлік және әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлері бар.

Халықаралық байқауға қатысушылардың бірі-қазақстандық суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Камиль Муллашев. Өнерпаз Елшімен кездесу барысында  өзінің экспозициясымен таныстырып, шығармашылық жоспарларымен бөлісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -