Тоқаев пен Путин Дағыстандағы қайғылы оқиғаны талқылады

4873
Фотосурет: Akorda

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстанда болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Владимир Путинге және Ресей халқына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындардың өміріне жасалған кез келген қастандық пен зұлымдық әрекетті Қазақстан батыл айыптайтынын әрі оны халықаралық және өңірлік қауіпсіздікке төнген зор қауіп ретінде қарастыратынын жеткізді.

Тараптар терроризм мен экстремизмге қарсы күресте тығыз ықпалдастықты жалғастыру, сондай-ақ беделді халықаралық ұйымдар аясында күш-жігер біріктіру маңызды екеніне назар аударды.

Бұдан бөлек, президенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -