Қазақстан Жел энергетикасы арқылы климаттың өзгеруіне қарсы күрес жүргізуде

4015
Фотосурет: UKIMET

Роман Скляр CPIH компаниясының вице-президентімен жаңа жел электр стансаларын салу жобасын іске асыруды талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр China Power International Holding (CPIH) вице-президенті Ренагули Туэрдимен кездесу өткізді.

Келіссөздердің негізгі тақырыбы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр мамыр айында Сиань қаласына (ҚХР) сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жалғастыру жөнінде болды. 

Қытайлық компания Қазақстанның Жамбыл мен Павлодар облыстарында жалпы қуаты 1 ГВт болатын жел электр стансаларын (ЖЭС) салу жобасын жүзеге асыруда.

Кездесуде жобаларды техникалық іске асырудың нақты мәселелері талқыланды. Олардың қатарында қосалқы стансаларды, қажетті қуаттарды дайындау және өлшеу рәсімдері қаралды. 

Соның нәтижесінде жобаларды қысқа мерзімде енгізу үшін қажетті техникалық процестерді жеделдету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -