Қазақстан мен АҚШ-тың Женевадағы қарусыздану жөніндегі бастамалары

5335
Фотосурет: ҚР СІМ

Женева қаласындағы БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Мэролли Стюарт ханыммен кездесіп, БҰҰ-ның Женева алаңындағы қарусыздандыру және таратпау саласындағы алдағы уақытта өтетін іс-шараларды талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әңгімелесушілер Қарусыздану жөніндегі конференция шеңберіндегі ағымдағы мәселелер бойынша пікір алмасып, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің төрағалығымен 2024 жылғы 22 шілде – 2 тамыз аралығында Женевада өтетін Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың орындалуын қарастыру жөніндегі Шартқа қатысушылардың шолу конференциясына Дайындық комитетінің екінші сессиясы қарсаңындағы екі елдің басымдықтарын талқылады.

Сонымен қатар, кездесу барысында жасанды интеллектті әскери салада қолдану, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану, экспорттық бақылау, ядролық сынақтардың құрбандарына көмек көрсету және биологиялық қауіпсіздік, атап айтқанда, БҰҰ шеңберінде Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы ҚР секілді Қазақстан мен АҚШ-тың бастамаларын ілгерілету мәселелері қарастырылды.

Кездесу нәтижесінде тараптар Женева, Нью-Йорк, Астана және Вашингтонда диалог пен консультацияларды жалғастыру, сондай-ақ Дайындық комитетінің қорытындысы бойынша практикалық нәтижелерге жету үшін Комитеттің басқа қатысушыларымен конструктивті өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге уағдаласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -