Қазақстан Латын Америкасымен байланысын кеңейтуде

15444
Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстан Латын Америкасы және Кариб бассейні елдерімен ынтымақтастық салаларын кеңейтуде

Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Америка департаментінің директоры Руслан Уразалин Доминикан Республикасы, Никарагуа, Уругвай, Аргентина, Колумбия, Перу, Чили, Гватемала және Сальвадор елдерінің елшілерімен кездесулер өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жүргізілген кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, соның ішінде өзара сапарларды ұйымдастыру, саяси консультациялар өткізу, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, көпжақты құрылымдар шеңберінде қолдаумен алмасу және өңір елдерімен визалық режимді жеңілдету мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Қазақстанның Латын Америкасы және Кариб бассейні елдерімен ынтымақтастық аясын кеңейту мақсатында тұрақты байланыстарды одан әрі қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -