Астанадағы ШЫҰ БАБ кеңесі: негізгі шешімдер мен өтініштер

2002
Фотосурет: ҚДБ

ҚДБ-да ШЫҰ БАБ Кеңесінің XX мерейтойлық отырысы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) биыл төрағалық еткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Банкаралық бірлестігі Кеңесінің мерейтойлық XX отырысын өткізді.

Іс-шара ШЫҰ саммиті қарсаңында өтті және ШЫҰ Экология жылына орайластырылды, оған Үндістанның Инфрақұрылымдық қаржы компаниясының, Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкінің, «Элдик Банк» ААҚ (Қырғыз Республикасы), «Хабиб Банк Лимитед» (Пәкістан Ислам Республикасы), «ВЭБ.РФ» мемлекеттік даму корпорациясының (Ресей Федерациясы), «Амонатбанк» Тәжікстан Республикасының Жинақ банкі» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны және «Өзбекстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің Ұлттық Банкі» АҚ өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушыларды ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин мырза бейне үндеуімен құттықтады. Сондай-ақ, Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов пен «Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов алғы сөздерінде өңірдің тұрақты дамуы мен экономикалық өсуі үшін ШЫҰ аясында одан әрі ынтымақтастық пен интеграцияның маңыздылығын атап өтті.

Кеңес отырысында негізгі оқиғалардың бірі ШЫҰ БАБ қатысушы елдердің тұрақты даму және жауапты қаржыландыру қағидаттарына бейілділігін көрсететін ESG қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды.

Над цитатой М. Елибаева.JPG

«ESG саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою – бұл біздің өзара іс-әрекетімізді нығайтуға, экологиялық және әлеуметтік жауапты жобаларды қолдауға бағытталған маңызды қадам. Қаржы секторы тұрақты экономикаға көшуде шешуші рөл атқарады және біздің ынтымақтастығымыз ШЫҰ БАБ қатысушы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады» ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев

Құжат тұрақты жобаларды қаржыландыру кезінде тәжірибе алмасуды, ESG қағидаттарын зерттеу үшін бірлескен іс-шараларды, сондай-ақ ESG тәуекелдерін басқару және оларды азайту бойынша ұсыныстар әзірлеуді қарастырады. Отырысқа қатысушылар ШЫҰ БАБ-ты кеңейту және ШЫҰ диалогы бойынша бақылаушы мемлекеттердің және серіктестердің қаржы институттарымен ынтымақтастығын дамытудың маңыздылығын талқылады.

Іс-шарада кадрларды даярлау және тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Ағымдағы жылдың қазан айында ҚДБ ESG саласындағы үздік тәжірибелерімен бөлісетін бірлескен семинар өткізуді жоспарлап отыр.

Фото 3.JPG

ҚДБ ұзақ уақыт бойы ШЫҰ БАБ банктерімен табысты ынтымақтастық орнатып келеді, нәтижесінде Қазақстандағы бірқатар маңызды инвестициялық жобаларды қаржыландыруға көмектескен жалпы сомасы шамамен 3,3 млрд АҚШ долларына кредиттік келісімдерге қол қойылғанын атап өту керек.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -