Әлемнің 25 елінің судьялары Санкт-Петербургтегі заң форумына жиналды

1936
Фотосурет: Gov

Санкт-Петербургте өткен конференцияда құқық үстемдігі және конституциялық бақылау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары Сергей Ударцев пен Ерлан Сәрсембаев және Аппарат қызметкерлері Санкт-Петербург қаласында өткен «Құқық қорғау және конституциялық бақылау» халықаралық конференциясына қатысты.

Конференция XII Санкт-Петербург халықаралық заң форумы аясында Ресей Федерациясының Конституциялық Сотының алаңында ұйымдастырылды. Конференция жұмысына әлемнің 25 елінен конституциялық бақылау органдарының төрағалары мен судьялары қатысты.

Конференцияға қатысушылар конституциялық бақылаудың маңызды аспектілерін, сондай-ақ адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау бастамаларын талқылады.

Конференция аясында қазақстандық тарап бірқатар елдердің конституциялық бақылау органдарының өкілдерімен конституциялық бақылауды қамтамасыз ету саласындағы құқықтық күн тәртібі мен құқық қолдану қызметінің өзекті мәселелерін талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -