Қытай үшін Қазақстан арқылы өтетін жаңа бағыттар

2266
Фотосурет: ҚТЖ

2024 жылғы 25-27 маусым аралығында "ҚТЖ" ҰК" АҚ компаниялар тобының делегациясы Шанхай қаласында (ҚХР) өткен Transport Logistic China 2024 халықаралық көліктік-логистикалық көрмесіне қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Transport Logistic China 1978 жылдан бері өткізіліп келе жатқан көлік, логистика, ақпараттық технологиялар және жеткізу тізбегін басқару саласындағы жетекші әлемдік көрме.

Биыл Transport Logistic China көрмесі өз алаңында әлемнің түкпір-түкпірінен 600 астам көрме қатысушыларын орналастырды. Германия, Италия, Чехия, Сингапур, Сауд Арабиясы және басқа елдердің ұлттық павильондары ұсынылған.

Көрмеге қатысушылар мен келушілер "ҚТЖ" ҰК" АҚ стендіне ерекше қызығушылық танытты. "KTZ Express" АҚ және "Кедентранссервис" АҚ өкілдері көліктік-логистикалық компаниялармен бірқатар кездесулер өткізіп, Қазақстан аумағы арқылы өтетін маршруттардың артықшылықтары, ұсынылатын сервистер туралы хабардар етті және өзекті болып табылатын Қытайдан Қазақстан арқылы жүк ағынын ұлғайту жөніндегі мүмкіндіктерді және контейнерлік тасымалдарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Көрме аясында халықаралық жүк теміржол экспресінің жаңа дамуы — теңіз континентальды Жібек жолы логистикасы бойынша саммит өтті, онда "ҚТЖ" ҰК" АҚ компаниялар тобынан "KTZ Express" АҚ Бас директорының логистика жөніндегі орынбасары Айбек Қапар баяндама жасап, Қазақстанның теміржол көлігі саласындағы көлік саясатын дамытудың басым бағыттарын атап көрсетті. Спикер сонымен қатар Қазақстанның транзиттік әлеуеті және инфрақұрылымдық жобалар туралы да сөз қозғады.

Іс-шара барысында қатысушылар Қытай - Еуропа бағытында қызметтерді ілгерілету және жақсарту мүмкіндіктері туралы пікір алмасты және сындарлы диалог жүргізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -