Ашхабад: Қазақстан елшісінің дипломатиялық миссиясын аяқтау және болашақты талқылау

2123
Фотосурет: Gov

Ашхабадта Қазақстан-Түрікменстан ынтымақтастығының даму перспективалары талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов елдегі дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан Қазақстанның Түрікменстандағы Елшісі Асқар Тәжібаевпен кездесті.

Әңгіме барысында саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық сипаттағы басым бағыттар бойынша Қазақстан-Түрікменстан ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары мәселелері қозғалды.

Кездесу соңында сыртқы саяси ведомствосының басшысы Елшіге екіжақты Қазақстан-Түрікменстан қатынастарын нығайту ісіне қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, одан әрі қызметіне табыс тіледі.

Өз кезегінде Елші Түрікменстандағы дипломатиялық миссиясын жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсеткені және жәрдемдескені үшін түрікмен тарапына шын жүректен ризашылығын білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -