Қазақстан мен Ресей трансұлттық қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты күшейтуде

2189
Фотосурет: Gov

ШҚО-да Қазақстан мен Ресейдің шекаралас прокурорларының кездесуі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралас прокурорларының кездесуі өтіп, онда ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа, қарудың, оқ-дәрілердің, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы мәселелер талқыланды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Алмат Байшолақов құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы прокуратураларының өзара іс-қимылының оң үрдісін атап өтіп, қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі.

Қазақстандық тараптың қадағалау органының қызметкерлері интернет-алаяқтық пен есірткінің байланыссыз сатылуына бірлесіп қарсы тұруға мүмкіндік беретін IT саласындағы тығыз өзара іс-қимыл жасау туралы бірқатар ұсыныстар жасады.

Ресейлік әріптестер жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, одан әрі өзара іс-қимылды жақсарту бойынша бірқатар қосымша ұсыныстар жасады.

Сондай-ақ шараға қатысушылар қылмыстық істерді тергеуде, қылмыстарды анықтау және жолын кесудегі оң тәжірибелерімен алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің қадағалау органдары бірлескен жұмысты жалғастырып, қылмысқа қарсы күресте одан әрі әріптестікті нығайтуға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -