Қазақстан экологиясын жақсартудың үш бағыты

2332
Фотосурет: Gov

Ағымдағы жылдың 26 маусымында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың төрағалығымен Дүниежүзілік банк тобының халықаралық қаржы корпорациясының өкілдерімен кездесу өткізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сонымен, кездесу барысында үш негізгі тақырып қозғалды. Атап айтқанда, бұл метан шығарындыларын азайту, тұрғын үйді жылыту және салқындату үшін геотермалдық энергияны пайдалану және қалдықтарды басқару мәселелері.

Өз тарапынан метан шығарындыларын азайту саласында IFC Қазмұнайгазбен ынтымақтастықта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

IFC метан шығарындыларын азайту саласында үш бағыт бойынша жәрдем көрсетеді. Бұл:

  1.  Мұнай-газ секторындағы метан шығарындыларын азайту жөніндегі базалық желіні айқындау;
  2.  Метан шығарындыларын азайту жөніндегі жобаларды іске асыру тетігін құру;
  3.  Қаржылық бағалау және деректерді талдау.

Сонымен қатар, геотермалдық энергияны пайдалану бойынша бірыңғай ұстанымды қалыптастыру үшін осы саладағы сарапшылардың жұмыс тобы құрылатын болады.

Қалдықтарды басқару саласында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату тетігін қайта қарау бойынша ынтымақтастықты жолға қою жоспарлануда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -