Қазақстанның халықаралық аренадағы экономикалық стратегиясы

2574
Фотосурет: Gov

Қазақстан OPEC FUND 2024-ке қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Венада жаһандық даму мен ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау үшін әртүрлі елдердің, халықаралық инвестициялық топтардың және қаржы ұйымдары өкілдерінің басын қосқан OPEC Халықаралық даму қоры ұйымдастырған Форум өтті.

Панельдік сессия барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық саясат және құрылымдық реформалар туралы айтты. Оның басты мақсаты — азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Вице-премьер тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу үшін берік өнеркәсіптік негіз қалыптастыруға және экономиканы базалық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа инвестициялық цикл іске қосылатынын атап өтті.

«Біз ашықтық пен ынтымақтастық қағидаттарына адал болып қала береміз және Қазақстанға бәсекелестік негізде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастырамыз» Нұрлан Байбазаров

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -