Хьюстонда Қазақстанның халық және заманауи әндері шырқалды

3949
Фотосурет: Gov

«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Saz&Soul» тобы Хьюстондағы Warehouse LIVE сахнасында жеке концерт қойды. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының шығармашылық ұжымы танымал халық әндерін, заманауи қазақ музыкасын, күйлерін түрлі стилистикада орындады. Бағдарламада авторлық әндер мен аспаптық шығармалар да болды.

Концерттің ерекше тұсы қазақстандық композитор Тілес Қажығалиевтің 75 жылдығына орай «Saz&Soul-дың» жаңа аранжировкада өңделген «Мәңгілік махаббат» композициясының орындалуы болды.

«Saz&Soul» тобының шығармашылығы қазақ халық әндері мен авторлық шығармаларға негізделген. Олардың репертуарынан академиялық музыка, джаз, поп, самба, румба және техно-электронды музыка сияқты түрлі жанрлар мен стильдерді тыңдауға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -