Әншілер мен бишілер ұжымы Бейнеуде гала-концерт берді

5951
Фотосурет: t.me/mangystau_news

Бейнеу ауданына Атырау облысы Мақат ауданының өнерпаздары гастрольдік сапармен келді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Өнер сапары Мақат ауданының құрылғанына 100 жыл толуына орай мәдени байланысты арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әншілер мен бишілерден құралған ұжым Әли Балта атындағы орталық стадионда гала концерт қойды.

Бейнеу ауданының әкімі Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы ауданға арнайы келген өнерпаздарға алғысын жеткізіп, кештің сәтті өтуіне тілектестік білдірді. Мақат ауданы әкімінің орынбасары Ермағамбетов Ербол Қонысбайұлы,«AMANAT» партиясының Мақат аудандық филиалының атқарушы хатшысы Долдашев Айбол Темірбайұлы да сөз сөйлеп, іс-шараның маңызын атап өтті.

Кеште Мақат мәдениет үйі, Доссор мәдениет үйінің қызметкерлері, «Мөлдір мұнай» фольклорлық ансамблі, Халықтық оркестр, «Балауса» би ансамблі, «Шаттық» үлгілі би ансамбльдері өнер көрсетті. Концертке жиналған бейнеуліктердің қатары көп болды. Нөсерлеткен жаңбырға қарамастан Мақат ауданының өнеріне тәнті болып, қошеметке бөледі. 

Іс-шара соңында Мақат ауданының өнер ұжымына Бейнеу ауданы атынан ықылас гүлін тарту етті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -