Air Astana паркі жаңа әуе кемесімен толықтырылды

5522
Фотосурет: t.me/PR_AirAstana

Airbus A320neo ұшағы 29 маусымда Астанаға тікелей Тулузадағы (Франция) өндірістік зауыттан келді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ұшақ әуекомпания флотындағы 47-ші Airbus ұшағы және Air Astana тобының жалпы флотындағы 54-ші ұшағы болды.

Жаңа Airbus A320neo төмен шу деңгейі, ұлғайтылған ұшу қашықтығы және отын тиімділігімен ерекшеленеді, әрі сонысымен Air Astana-ның қоршаған ортаға әсерді азайту және операциялық тиімділікті арттыру жөніндегі стратегиялық мақсаттарына сәйкес келеді.

Air Astana әуе кемелері паркін белсенді толықтыруды және әуе тасымалы нарығындағы позициясын нығайтуды жалғастыруда. Жаңа Airbus A320neo  әуекомпанияның маршруттық желіні кеңейтіп, ішкі және халықаралық бағыттар бойынша саяхаттауға ыңғайлы бағыттар ұсынуға мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -