OPEC қоры Қазақстанның тұрақты дамуына инвестиция салады

3355
Фотосурет: UKIMET

Араб координациялық тобы Қазақстанға инвестиция салады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Венада өткен форум аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен OPEC Халықаралық даму қоры арасында Серіктестік туралы негіздемелік меморандумға қол қойылды. 

Қор әртүрлі экономикалық салаларда тұрақты даму және жеке сектор жобаларына инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Жалпы, Араб координациялық тобының қорлары ірі инфрақұрылым және өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру үшін инвестициялар тартады.

«Ислам даму институттарының қаржыландыру шарттары халықаралық капитал нарығындағы ең бәсекеге қабілетті шарттар болып табылады. Сондықтан Араб координациялық тобымен ұзақ мерзімді инвестициялық ынтымақтастық біздің инвестициялық саясатымыздың басым бағыты болып табылады» Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -