Қазақстан Діни лидерлер съезіне дайындалуда

3608
Фотосурет: Gov

Мұсылман ақсақалдар кеңесі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысына қатысуын қуаттады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Әмірліктердегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланып, сұхбаттастар алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар жөнінде пікір алмасылды.

Қазақстан Елшісі М. Әбделсаламға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жұмысына тұрақты түрде қатысып жүргені үшін ризашылық білдірді.

Өз кезегінде М. Әбделсалам Қазақстанның дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілетудегі бастамаларының маңыздылығын атап өтіп, Съездің идеялары Мұсылман ақсақалдар кеңесінің мақсаттарымен сәйкес келетінін айтты. Бас хатшы биыл қазанда өтетін Съез Хатшылығының кезекті отырысына қатысатынын растады.

Тараптар Кеңестің Астанада былтыр ашылған Орталық Азтядағы өкілдігі қызметінің маңыздылығына тоқталып, алдағы іс-шаралар жоспары жөнінде пікір алмасты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -