Қазақстандық бизнес Сингапурдың қызмет көрсету нарығына қол жеткізе алады: Сенат келісімді мақұлдады

13255
Фотосурет: Gov

Сенат Сингапурмен көрсетілетін қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы Қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.

Заң жобасы 2023 жылғы 22 мамырда Астанада қол қойылған келісімді ратификациялауға бағытталған.

Бұл келісім Қазақстан үшін қызметтердің еркін саудасы туралы алғашқы келісім болып отыр. Оны ратификациялау нәтижесінде қазақстандық бизнес үшін Сингапурдың көрсетілетін қызметтер нарығына кеңейтілген қолжетімділікке ие болады. Айта кету керек, Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 1,8 миллиард АҚШ долларын құрады, бұл ретте қазақстандық экспорт жалпы соманың 94%-ына жетті. Сингапур ДСҰ-дағы міндеттемелер шеңберінде ашылған көрсетілетін қызмет секторларынан басқа, Қазақстан үшін дистрибьютерлік қызметтер, білім беру саласындағы қызметтер, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтер нарығына қосымша жол ашты

Келісімнің мақсаты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, қазақстандық экспорттаушылар үшін әріптес нарығына қолжетімділікті ашу, қазақстандық капиталдың қатысуымен кәсіпорындар құру үшін мүмкіндіктер қалыптастыру және өзара инвестицияларды тарту және қорғау үшін қосымша жағдайлар жасау болып табылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -