Алматыда Орталық Азияның ТДМ-ға қол жеткізудегі ілгерілеуі талқыланды

4752
Фотосурет: Gov

Алматыда БҰҰ Өкілдігінде Орталық Азияда ОДМ платформасын құру бойынша қорытынды отырыс өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің, БҰҰДБ-ның Орталық Азиядағы елдік кеңселерінің, академиялық қоғамдастықтың өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Платформа 3 жыл бұрын Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізудегі прогресті қадағалау және өзекті ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету мақсатында іске қосылды. Ол ОДМ қол жеткізу үшін үрдістер мен ықтимал даму жолдары туралы деректерді ұсынып, сондай-ақ тұрақтылық мәселелері бойынша барлық өңірлік проблемаларды шешуге ықпал етеді.

Өз сөзінде ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова ОДМ-ға қол жеткізу Қазақстанның ұлттық басымдығы болып табылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, көрші елдермен татулық, серіктестік және өзара тиімділік қағидаттарына негізделген ОДМ-ды іске асыруда өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы айтылды.

«Бүгінгі таңда ОДМ әр ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа реформалар мен шараларды әзірлеу үшін ұлттық саясаттың ажырамас бөлігіне айналды» Н.Жанназарова

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -