ЕАЭО - дағы өрт қауіпсіздігі: Қазақстан цифрлық платформаны ұсынады

3003
Фотосурет: ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті

ТЖМ делегациясы Минск қаласында өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының 3-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мемлекетаралық жұмыс тобының отырысы барысында «Өрт қауіпсіздігін және өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына қойылатын талаптар туралы» ЕАЭО ТР 043/2017 талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру шеңберінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің атқарылған жұмысы жинақталды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстандық тараптың бірыңғай цифрлық платформа құру туралы ұсынысы бірауыздан қолдау тауып, ЕЭК-ке жіберу туралы шешім қабылданды.

Бұл платформа ЕАЭО елдері арасындағы үйлестіру мен өзара іс-қимылды жақсартуға, ақпарат алмасудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ шешімдер қабылдауды жеделдетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -