Алматыда әскери қызметшілер 99 жасқа келген соғыс ардагерін құттықтады

6358
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы Алматы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Екатерина Барановаға барды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Олар туған күн иесіне Жеңісті жақындатуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, құттықтау хатын табыс етті.

Екатерина Александровна Курск облысында туып-өскен. Туған ауылында бастауыш мектепті бітіргеннен кейін, орта мектепті үйден үш шақырым алыс жерде жалғастырды.Жеті сыныпты аяқтағаннан кейін Екатерина Старооскольск медициналық техникумына түсіп, фельдшер болып шықты. Алайда, соғыс басталып, оның өмірі мүлде басқаша арнаға ауысты. 1943 жылы, неміс және венгр әскерлерінен азат етілгеннен кейін, Екатерина Александровна әскерге шақырылып, 1-ші Украина майданының ауруханасына жіберілді. Лазаретте ол 1945 жылдың желтоқсанына дейін ерекше батылдық пен төзімділік танытып, жараланған сарбаздарға қамқорлық жасады.

Екатерина Баранова жеңісті Чехословакияның Карловы Вары қаласында қарсы алды. Ардагер өзінің еңбегі үшін 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жауынгерлік еңбегі үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Праганы азат еткені үшін" медальдарымен және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған. Бұл марапаттар оның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін көрсетеді.

Соғыстан кейінгі жылдары Екатерина Александровна шекара госпиталінде, содан кейін Министрлер кеңесінің ауруханасында жұмыс істеді. Сырқатына қарамастан, оның рухы берік. Десе де, әскери қызметшілердің назары мен қамқорлығы маңызды қолдау болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -