Қазақстанның барлық алты оқушысы математикадан Балқан Олимпиадасында медаль жеңіп алды

5544
Фотосурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Математикадан JBMO 2024 Балқан Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында еліміздің барлық алты оқушысы жүлделі орындарға ие болып, 100 пайыздық нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «Дарын» РҒПО-на сілтеме жасап.

Олимпиада 25-29 маусым аралығында Түркияның Анталия қаласында Балқан түбегінің 22 елінен келген 135 оқушы арасында өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан қонақ ретінде қатысты.

Біздің мектеп оқушылары алты медаль жеңіп алды:

  • Алиасқар Сұлтанәли — Астана қаласындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;
  • Әли Еркебұланұлы — Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы;
  • Бердібек Орынбасар — Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;
  • Арнұр Ансатов — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
  • Эрик Лим — Алматы қаласындағы РФММ 9-сынып оқушысы.
  • Асқар Мұхтарұлы — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшісі: Антон Васильев — ф.-м.ғ.к., М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының іргелі және қолданбалы математика кафедрасының доценті.

Еліміздің ұлттық құрамасын тамаша жеңісімен құттықтаймыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -