Бейжіңде «Домбыра күні» атап өтілді

11924
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі Бейжің ұлттық аспаптар оркестрінің және Қытайдың Ұлттар университетінің студенттерімен және ұстаздарымен бірлесіп «Қазақстанның ұлттық мерекесі – Домбыра күнін» атап өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жас музыканттар ұстаздармен бірге қытай ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен Асылбек Еңсеповтың «Хафиз» күйін домбырамен орындады.

2015 жылы ресми түрде құрылған Бейжің ұлттық оркестрі – Бейжіңдегі қазақтың ұлттық аспабы «Домбырада» ойнауды кәсіби түрде үйрететін жалғыз оркестр болып табылады. Бұл оркестр Қытайдағы және шет елдердегі ең үлкен сахналарда өнер көрсететін 500-ден астам музыканттары бар Бейжіңдегі ең ірі муниципалдық мәдени және өнер ұжымдарының бірі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -