Маңғыстау облысына халықаралық жаттығулар үшін әскери контингенттер келді

4367
Фотосурет: Gov

«Бірлестік-2024» оқу-жаттығуына қатысу үшін төрт мемлекеттің әскери контингенттері Маңғыстау облысына келді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ақтау қаласының Әскери-теңіз базасының порты мен әскери әуеайлағында Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Тәжікстан әскери қызметшілерін салтанатты түрде қарсы алды. 

Батыс өңірде 8-17 шілде аралығында «Бірлестік-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Әскери жаттығу «Оймаша» полигонында және маңызды эпизодтарының бірі көрсетілетін Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жерде өтеді. 

Қатысушы елдердің әскери контингенттері әскери-көлік ұшақтарының бортымен жеткізілді. Жаттығуға қатысу үшін Әзербайжан елі күзетші және орта десанттық корабльдерін, ал Өзбекстан армия авиациясының тікұшақтарын жіберді.

Әскери полигонда және Қарақия ауданындағы Тоқмақ мүйісінде әскерлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және орнықтыру үшін шатырлы лагерьлер дайындалды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -