Орман шаруашылығы және ғылым: алдағы жылдары не күтуге болады

5907
Фотосурет: Gov

Отандық ғалымдардың әзірлемелері мен ұсыныстары орман шаруашылығын дамытуда кеңінен қолданылатын болады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Экология министрі Ерлан Нысанбаев Ә.Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі ҒЗИ, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеттерінің өкілдерімен орман шаруашылығы саласында іске асырылған және жоспарланып отырған ғылыми жұмыстар бойынша кеңес өткізді.

Соңғы жылдары орман секторында ормандарды қорғау, сақтау және молықтыру, оларды ұтымды пайдалану саласындағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар бағдарламалар мен жобалар іске асырылды.

Орман саласының маңызды міндеттерін шешудің ажырамас бөлігі ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады.

Министр ғылыми ұсыныстарды әзірлеу кезінде оларды практикалық қолданудың өзектілігіне назар аудару қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ ол селекция, генетика, климаттың өзгеруіне бейімделу және микроклоналды көбею саласындағы ғылыми бағыттарды дамыту бойынша міндеттер қойды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -