Салтанатты арка қазақстандық велосипедшімен кездеседі

6006
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Франциядағы Елшілігі саяхатшы-велосипедші Раббим Борашев пен оның жұбайын Париждегі Триумф аркасы алдында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Маңғыстау облысының тұрғыны өзінің саяхатын ү.ж. мамыр айында бастап, бүгін Олимпиада ойындары қарсаңында Парижде сәтті аяқтады.

Елшілікте арнайы ұйымдастырылған іс-шараға Францияда тұратын отандастарымыз және Қазақстаннан келген туристер, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері мен француздық жанкүйерлер қатысты.

 Өз кезегінде Р. Борашев жасаған велосаяхаты, атап айтқанда жеті елдің дәстүрлері мен тұрмысымен танысқаны туралы жарқын әсерлерімен бөлісті. Бес мың шақырымды еңсерген велошабандоздың айтуынша,  ол қазақстандық спортшыларды қолдау үшін Олимпиада-2024 кезінде Парижге бару туралы өзінің көптен бергі арманын орындады.

Іс-шара барысында қонақтар жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасын қолдау ретінде ұйымдастырылған Елшілік аумағындағы фотокөрмемен танысты. Фотосуреттерде бокс, дзюдо, теннис, таэквондо, семсерлесу, гимнастика және велоспортта жоғары жетістіктерге жеткен спортшылар бейнеленген.

Сонымен қатар қатысушылардың назары әлемнің көптеген мемлекеттерінің өкілдері қатысатын қыркүйек айында Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына аударылды. Осыған орай ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Елшілік аумағында жарнамалық баннер орнатылды.

Спорттық іс-шара соңында қатысушылар қазақстандық спортшыларға өз қолдауларын және Олимпиадада жеңіске жетуге шын жүректен тілектерін білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -