Оманда қазақ-Оман әріптестігінің болашағы талқыланды

5456
Фотосурет: Gov

Оманның сыртқы саяси ведомствосының басшысымен қазақ-оман қарым-қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстанның Омандағы Елшісі Айдарбек Тұматов Оманның Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаидимен кездесті.

Б. әл-Бусаиди Қазақстан Елшісін тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету және жандандыру жолында табыс тіледі.

Кездесу барысында тараптар екі елдің ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады. Сонымен қатар сұхбаттастар сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі жандандыру, сондай-ақ көлік-логистикалық бағыттарды дамыту жолдарын қарастырды.

Дипломаттар мемлекеттердің түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және жандандыруға деген мүдделілігі нақты нәтижелерге бағытталған байыпты қадамдар жасауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Кездесудің соңында Қазақстан Елшісі Министрге сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -