Қазақстандық оқушылар Бейжіңде өткен робототехника чемпионатында тамаша өнер көрсетті

12826
Фотосурет: Gov

Жетісу облысының ауыл оқушылары Қытайда өткен робототехника чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бейжіңде өткен FIRST  Lego League робототехника бойынша ұлттық чемпионат аяқталды. Чемпионатқа Қазақстан құрамасы қонақ ретінде қатысты.

Оқушылар «Өнердегі инновация» тақырыбында LEGO-дан робототехника әзірлемелерін даярлап, фокустар көрсету бағдарламасы орнатылған интерактивті роботтар құрастырды. Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 6-10 жас аралығындағы 238 команданың арасында күміс жүлдеге қол жеткізіп, екінші орынды иеленді.

Еліміздің намысын Жетісу облысының ауыл мектептерінің және Талдықорған қаласының бастауыш сынып оқушылары Нұрсұлтан Бексұлтанов, Нұрболат Алинур және Нұржан Жантөре қорғады. Жаттықтырушы – Альбина Қожантай.

Сондай-ақ дәл осы күні Алматы қаласының жас инженерлері Сиднейде First Lego League Challenge санатындағы Asia Pacific Open Championship чемпионатында беделді Motivate Award жүлдесін жеңіп алды. Қазақстан құрамасына жаттықтырушылар Тимур Мақажанов пен Русланның жетекшілігімен LEAS мектебінің оқушылары Аружан Мнайдар, Диас Мұратов, Кирилл Медведков, Валерий Протопопова, Никита Хагай, Әзиз Ермекқалиев, Даниэль Ким, Айдар Мұқашбаев және Әлішер Садыров кірді.

Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Естеріңізге сала кетейік, командалар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің қолдауымен Ustem Foundation қоғамдық қоры мен «Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған Central Asia FIRST Championship Орталық Азия чемпионаты барысында халықаралық чемпионатқа жолдама алған болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -