Қазақстан мен Сауд Арабиясы байланыстарды нығайтуда

5588
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Саудтық халықаралық стратегиялық әріптестік орталығының (SCISP) президенті Раад әл-Баракатимен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы өзара әрекеттестік мәселелерін, оның ішінде сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту жолдарын талқылады.

М. Меңілбеков Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан кешенді ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, оның ішінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың модернизациялық бастамалары, елдегі саяси-экономикалық үрдістерді нығайтуға бағытталған заңнамадағы өзгерістер туралы баяндап берді.

Р. әл-Баракати қазақ-сауд қатынастарының оң үрдісін атап өтіп, екі елдің қолда бар мүмкіндіктерін жан-жақты зерделеу қажеттігіне тоқтады. Сондай-ақ, ол басым бағыттарды айқындау және нақты ұсыныстар әзірлеу арқылы мемлекетаралық өзара іс-қимылдың барлық салалары бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға жан-жақты жәрдемдесуге Орталық дайын екенін қуаттады.

Сонымен қатар, тараптар «SCISP» орталығы мен қазақстандық зерттеу институттары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін қарастырып, кездесу қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара тиімді байланыстарды кеңейту жөніндегі күш-жігерді үйлестіруге келісті.

Анықтама: «SCISP» орталығы – Сауд Арабиясының жетекші ғылыми орталықтарының бірі және Корольдіктің халықаралық және өңірлік стратегиялық серіктестеріне қатысты күш-жігерін реттеуді көздейтін тәуелсіз мемлекеттік құрылым. Өз мандаты шеңберінде «SCISP» САК-тың әлеуетті стратегиялық серіктестерін айқындауға мүмкіндік беретін критерийлер мен жоспарларды әзірлеу бойынша мемлекеттік және жеке құрылымдар арасында үйлестіруді жүзеге асырады, Корольдіктің стратегиялық әріптестермен өзара іс-қимылының нәтижелеріне талдау және мониторинг жүргізеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -